Күрек тіс. ~ Маңдай тістерінің арасынан фонтанша атқытып, шырт түкіре тастап, аналар ойнап жүргендей жәп-жәй ғана қарап отыр. М.Әу. ~ Шындығында жалап үлгермеді, аузы жетер-жетпесте тілінің ұшы жабыса жаздап, қызыл-шақа сыдырылып шықты. Маңдай тістері қан-қан, бақырып үйге қашқан. Қанаса да біржола жабысып қалмапты. М.Мағ. ~ Сонымен Арғын — Тобықтының билepі өздepi тоқтам жасай алмаған соң сөз аяғын Ұлы жүз Үйсін eлiндeгi Төле биге жүгініске келген жерде Мырза биге қарап сол жақ қолымен оң жақ қолтығын басыпты да, тілінің ұшын шығарып, бармағын маңдай тісімен басыпты. Бұнысы «Қол көмекші, тіл жалғарым жоқ, жалғызбын. Дұшпандықпен маңдай тісімді қағып алды. Әділ билігіңе жүгіндім» деген cөзі екен. “Ел ауз.”
