Жын-пері арбады; қара басты. (Марту – наным бойынша әйел бейнесіндегі қас күш, албасты). * Курнос Иван әрқашан Шураны көрген сайын осылай ауыр сезім бойын мартудай басып, өзінен-өзі азып-тозып қалар еді. Ә.Нұрп. ~ Жоқ, бар дүние дәл осы сәтте ауа жетпей қысылып өліп кеткендей. Көк те, жер де марту басқандай қыбыр етер емес, бәрі өлік… Осы тапырық өлі әлемде тек бір – ақ адам тірі секілді. Ол — Пейілжан. І.Ес. * Көңілін сұрай келген көз көргендер сомадай қатынның жардай боп жатып «бық-бық» деген моқал тіліне түсінбей, іштей аяп: – Марту басқан екен сорлыны! Тіфә-тіфә! – деп бастарын өлгенше шайқап кетті. Е.Абду. * Өзі де құдды түсінде марту басқандай үні бітіп, дыбысы шықпай, бар бойымен іргеге қарай ығыса берді. Ә.Нұрп. ~… мертiктi ме бiлмеймiн мiнген атым лаулап, мойынсұнбас жүрегiм мұз үстiнде жүр аунап, марту басқан секiлдi мысты құртып бұғаулап…Ұ.Есд.
