Posted in

МЕЙІРІМ (ШУАҒЫН) ТӨКТІ

Ыстық пейіл танытты. ~ Көзінің жасын төгіп, сағынып көрген анасындай елжіреп, бауырына қыса берді. Кемпір оған ыстық мейірім төгіп, жанымен құлай берген. С.Ом. ~ Мен де оның бетін жас балаша шөпілдетіп сүйіп-сүйіп алдым. Көп тұрдық. Айтпақ асыл сөздерімізді қабағымызбен ұқтырып, бірімізге-біріміз мейірім төге қарай бердік. М.Әбд. ~ Жазық-маңдай, жәудіреген тана көздері нұр шашып, маңайындағыларға ерекше мейірім шуағын төге қарайды. АҚ “Үш хикаят”. ~ Жердегі пенде өзгенің зіл батпан ауырлаған, көтере алмай шаршаған жанын көтеріспейді, көп болғанда мейірім шуағын төгіп, жылы сөз айтып жұбатып жеңілдетуге себепкер болады… Д.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *