Posted in

МӘЙЕГІ АУЗЫНАН ШЫҚҚАН

а) Тұла бойынан тоқтық, семіздік, тоқмейілдік байқалады д.м. ~ Екі иініне екі кісі мінгендей ұзын бойлы, толық. «Мәйегі аузынан шыққан» манаураған манаптай. Үстінде шұға шекпен. Белінде күміс кемер белбеу. Басында кәмшат бөрік. Шүйдесі тоқпақтай. Шекесі торсықтай. С.Сейф. ~ Мінез, сөзінен, жүріс-тұрысынан сөлекет іштеме таппады. Әбден қалыптасқан әйел. Қалпы кең, сұлу. Мәйегі аузынан әлі шығып тұр. Ол салмақпен сылқ-сылқ күлгенде, алпамсадай Айдарбек көбелекше қалбалақтап кетеді. Ғ.Мұст. ~ Оған сараңдық қонбайды. Қанағатшыл және өзі. Әйелі мен балалары да пейілін кеңге салып, ішпей- жемей-ақ мәйегі аузынан шығып жүретін токмейіл жандар. Ө.Кәр. ~ Әй, Сейфолла, мына балаң ішпей-жемей, мәйегі аузынан шығып, әлден-ақ тоқтыққа бағып отыр. Түбінде Жәнібек әулетінің ырысы осында қалар, тезірек үйлендірсең етті. Ө.Кәр.

ә) Өмір көрмеген, балғын, жас. ~ Сәмет маған өзінің хатшысы Елемес Төлемісұлын қосып берген. Елемес – аузынан мәйегі шығып тұрған жас жігіт. Мені тонның ішкі бауындай жақын көріп, тез үйір боп кеткен-ді. С.Ом.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *