Көз жетерге дейін көсіліп жатқан ұшы-қиыры жоқ боз дала. ~ Бұл мұхиттың жағасына қараған жерлер мидай дала болады, оны «тундра» деп атайды. А.Байт. * Қыраттың арғы бетіне түскенде ауыл да, зиратта көрінбей, айлы түн мен мидай даланың ортасында қалған Асқар өзін өлімге бір табан жақындағандай сезді. Т. Әбд. ~ Өлеңті айналасы мидай дала, Өлеңге ақын Мәшһүр болған дана. Ереймен ту сыртымда тұрғаннан соң, Сол жерді тау екен деп, көрдім пана. М-Ж. Көп.
МИДАЙ ДҮЗ
Ұшы-қиырсыз, теп-тегіс дала. * Жарандар, иманыңнан күдер үзбе, Айтайын осы мәселе енді сізге. Пайғамбар тақсыр Ғайса бір күндерде Сейіл құра шығыпты мидай дүзге. БС. “Қубас”.
МИДАЙ ЖАЗЫҚ
Ұшы-қиыры жоқ, тақтайда тегіс кеңістік, дала. ~ Иек астынан басталған мидай жазық ұлан-асыр кең аңғардың арғы іргесіне дейін жайылып, жайқиып кетіпті. С.Үс. ~ Бұл алқапта, жуық маңда осы төбеден басқа бұдыр жоқ. Төрт төңірегі түгел мидай жазық болатын. Ж.Сәм.
