Жер батпақтанып, топырағы езілді, лайланды. ~ … он күн тұрақтамай жатып: «Ойбай, мына жұрттың миы шығып кетті. Қой, бұл өрістің де оты қашты», — деп, жаз бойы жұрттан жұрт ауыстырып, жыл құсындай жылға қонып жүруші еді. Д.Әш. ~ Ақ жауын нөсерлетіп төгіп тұр. Әулиеата көшелері лай судан көлкіп, батпағы молайып, миы шығыпты. Б.Мом. * Бірақ біз енді бәрібір жол торабын қуа алмаймыз. Жаңбыр азайғанмен, миы шыққан саз, бізді аттатпайды. С.Мұқ. * … көшедегі қарды арлы-берлі жосып ағылатын да жататын машиналардың мың сан доңғалақтары мыжғылап, миын шығарып тастаған екен; сол миы шыққан көксоқта шылқымайды беті-жүзіне қарамай шылп-шылп кешіп келеді. Ә.Нұрп.
МИЫ ШЫҒЫП ЖАТЫР
Жауыннан кейінгі жер батпақ болып, лайланып жатыр. ~ Ауа сыз, бұлыңғыр. Былайғы жердің миы шығып жатса керек, ал станция басы асьфалтталған, саз емес. Б.Соқп. ~ Бұ жақ бет жерінің “миы шығып” жатқан балшық екен. Сайдан шыға
алсашы, жүкпенен. Арқасында бала. Дәу апа балшыққа қарайтын емес. С.Елу.
