Posted in

МИЫНА КІРІП ШЫҚПАЙДЫ

Мүлде ойламайды, қаперіне де алмайды. * Бірақ: «Сол бірлік, сол татулыққа өзім не істедім екен?» – деген ой миына кіріп шықпайды. Ә.Кек. * Әкесінің қартайғанша қой соңынан қалмай жан бағып жүргені де Сақардың миына кіріп- шықпады. Ү.Жәл. * Байқаймын, бізді көбейтетін ауыл екені қаладағылардың миына кіріп- шықпайтын секілді. Қ.Түм. * Содан бері сәйгүлікті қайтарып алудың қамына бел шешіп кіріскен. Көк қағаздардың қанша теңгелік екені миына кіріп те шықпайтын болса да, шытырлатып қайта- қайта санайды. А.Смай. * Дүниені ұмытып, есіл-дерті дастарқанның үстіндегі дәм болды-ау. Со кезде ғой, жарты жолда қалған байғұс әкесі мен шешесі миына кіріп те шыққан жоқ. С.Елу. * Құлағы анда-санда шалып қалған Тентек төре, Қасым төре… Есенгелді, Саржан деген сөздер тіпті миына кіріп те отырған жоқ. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *