Posted in

МІНЕЗІ ШӘЛКЕС

Қиқар, ұрысқақ, шайпау. ~ Шепенің азанмен қойған аты – Шаһимардан, содан – Шеген боп, содан – Шепе боп кеткен. Мінезі шәлкес ұрысқақ, төбелескек адам болғандықтан, жұрт оны сыртынан «Шытырлақ Шепе», немесе «Шыпылдақ Шепе» дейтін. C.Мұқ. ~ Шұқан құда мінезі шәлкес, шапшаңшыл, бүркіт тұмсық, қамшысын беліне көлденең ұстап сәл еңкейіп жүретін; шегір көздерін тіктеп қадаса, өңменіңнен өтердей сесі бар, атқа мінсе құйындатып, жай жүргенде сар желіп отыратын адам еді. Ф.Оңғ.

  1. Үйретілмееген, асау мал туралы. ~ Күйіс қайырған мінезі шәлкес қара бура көшенің ортасына маңғаз шаниып, балалардың лақтырған кесек қарына “ауф” деп жын атады да, ызалана мойнын бұрады. К.Жүн.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *