Posted in

НАЙЗАСЫН ҚАНҒА МАЛДЫ (БОЯДЫ, СУАРДЫ)

Жауын жер қылды, қанға бояды. ~ Тас найзасын қанға малып, Үшкір ұшы қан жалап Ең алғашқы шекараны тартқан сол ғой таңбалап. К.Мырз. ~ Талай қалмақ ұрысқан Абыройын жояды, Батырларын өлтіріп, Найзасын қанға бояды. “Қамбар б.” ~ – Әй, Ханбике, Ханбике, Мына залым хан Мамай Өлетұғын болмады. Қолындағы найзасын Қызыл қанға бояды. Өлетұғын хан Мамай Айтып берші айласын. БС. “Орақ пен Мамай”. ~ Жұлып алдым қаңбақтай, Сөзінен пайда таппады. Құлатып аттан аударып, Найзаны қанға суарып… “Қыз Жібек”.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *