Қорланып өле жаздады, қорынды, ашуға мінді. * − Меніңше, Қалдыбай қайта оралмайды. Оралмайтыны өзінің бедеу екенін білген. Намыстан жарылатын адамдар болады. Олар өзін өзіне де қорлатпайды. Н.Дәут. * – Енді маған қайт дейсіз. Ертең әкелейін бе?- деп дүңк ете қалды өзі де намыстан жарылардай боп жүрген баласы. С.Жүн. * Соларды көре жүріп, Күләйім намыстан жарылып кете жаздайды. Бірақ, жас келіннің жолы жіңішке… З.Шүк. *. Енді, міне, «сол күйеу толқып жүр» деген сөзді естіген де Зейнеп намыстан жарылып өле жаздады. С.Мұқ.
