Мұның құпиясы неде? * Мұнда не сыр бар десеңіз, қайыспайтын қажырлы бұтаққа жуантық сабағымен жабысады екен, бұлар желге қырын келмей, жонын беріп, бірінебірі иін тіресіп, селбесіп берік қабысады екен. Ж.Айм. * Көктемде өзен кемерлей ағады. Күреңітіп майда толқын атады. Тентек иірім бұрқ – сарқ қайнайды. Езуінен көбік шашып ашуланып жатқандай. — Осы иірімде не сыр бар? Неге үйіріледі? Н.Сер. * Содан ойландым: осы Ғалекеңнің күні бұрын шықылықтап, осыншаға келдің деп мазақтап, мазасы кететінінде не сыр бар?.. Т.Шап.
