Құмарына ерік бермеді, арам пиғылын тізгіндеді. ~ Алланың, пайғамбардың жолындамыз, Ынтамызды бұзбастық иманымыз. Пайда, мақтан әуесқой – шайтан ісі, Кәні, біздің нәпсіні тыйғанымыз? Абай. * Нәпсісін тыйып, бойын тоқтатқан кісінің жаман атанып, нәпсісі билеп, мақтанға еріп, пәле шығарған кісі мықты атанатұғыны несі? Абай. * Бұрынғы өткен ашықтай Ақылың сенiң керек-тi! Бөтен жарға қайрылмай Нәпсiң тыйсаң керек-тi! “БС. Бозжігіт” * — Не бар сондай- ақ аңғарын ашып? — дейді апам. — Адамның көзі өлгенде топыраққа да тоймайды деп еді. Әркім өз нәпсісін тыйып, тежеп жүруі керек қой! Ү.Жәл. ~ Нәпсіңді тиып, қанағатшыл, қайрымды бол. Сәждеге жығылып, мына Кітаптың хикматына шүбәсіз ден қойсаң, иман өзі-ақ көкірегіңе ұялайды! – деп Құранды қолдарына ұстатады. Т.Сәу.
