Posted in

НИЕТІНЕН ҚАЙТТЫ

Басқа шешімге келді. ~ Қараңғы халықтың әлі күнге көбі надан. Оларды осындай жолға желіктіріп бұрып салады. Сонда “революцияны көксеген патшалыққа қарсылықты ойлаған көп те, топ та өз ниетінен қайтады. М.Әу. * … әлі де базар ішінде бой көрсетіп жүре тұрғысы келген ниетінен қайтып, Ботпай шайхана жаққа бұрылды. О.Сәрс. * Бұл ықылас оның өмірінде естіген барлық сөздерді ұмыттырып жіберді, ол өзінің өлген уақытын таппақ ниетінен қайтты, өйткені анасының сөздерін естіп жатып, өзін таңертең ғана қайтыс болғандай сезінген еді. А.Әділ. ~ Бір ойы ноғай тілмашты шақырып алып, сөйлескісі келіп, ол ниетінен тез қайтты. З.Шаш. ~ шай құйып беріп отырған ибалы келіншек Зипәгүл Боранқұлдың Тарбағатай аса көшіп кету ниетінен қайтып қалғанын естігенде қарақат көздің жалынышты түкпірлерімен қарап күлімсіреді. Ғ.Біл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *