Адамның көзі, жүзі, бойынан сезілетін сәулелі, шұғылалы, нұрлы сезім хақында. ~ Таң атқалы жайма шуақ нұр шашырап келе жатқан отты жанары оқыс мұздап тұнжырап сала берді. Ә.Кек. ~ Еті аппақ жауған қардай, беті айдай, Ерітер тірі жанды сары майдай. Бетінен бедерленген нұр шашырап, Жатыпты бала құдай сәнін жоймай. “Нұрғазарын”. ~ Тамағынан күн жұтып қойғандай, ерекше бір нұр шашырап тұратын, әлсіз аппақ мойын құс-мамық төсекке шалқалап құлай берді. Ә.Кек.
