Терең ойға батты. ~ – Үміт – өзіңді-өзің емексіту. Өйтіп, әне-міне, иә, иә деп елпеңдейтін жайым жоқ. Қайтесің, – деп Батыр тоқалының бұрымынан сипады. – Барып шаруаңмен айналыс енді. Оңаша қалған батыр тағы да ой қаузайды. Н.Дәу. ~ Көп ұзамай Ерсерік шаңырағына қайтты. Кенесары хан ескерткіші тұсында азды-көпті аялдайтын әдеті. Есілге көз жүгіртті, биылғы жаз жаңбырлы, Есілде су көп, шып-шып еткен су кемеріне жетіпті. Түрлі ой қаузады. А.Әк. ~ Осындайда шертетін едік қой, Ақкүшік. Боздатар едім қазір. Бойымнан боран соғып кетер еді. Боздап, әрине. Ақкүшік иесінің қолының сыртынан жалап, бүйіріне тығыла түсті. Сағынып қалған сыңайлы. Қалдыбай ой қаузайды. Н.Дәу.
