Әлденеден шошынғанда, таң қалғанда не сасқанда айтылатын оғаштау сөз. ~ Анау аузы аңқия ашылып денесін шегелеп қойғандай қозғалар емес тиын түскенде ғана ес жиды. — Ойбай, көтек! Төбеңнің тесігі бар екен – ау! С.См. ~ Алдыңғы тана көз жапалақ сары қыз «Ойбай, көтек!» – деп дауыстап жіберіп, суды екі аяғымен сабалай арғы бетке қарай жүзе жөнелді … І.Ес. ~ «Ойбай, көтек, мұнысы не?» — деппін ғой сасқанымнан. Даусым жарықшақтана қатты шықты. М.Сүн.
