Есіне де түсірген жоқ; мән бермеді, ескермеді. ~ Күнде келе беретін уақыт жоқ» – Шәмшігүлдің бір жақсы жері – бір істі ойына алмайды, ойына алса, оны тындырмай өзі де тынбайды. С.Шайм. ~ Алтыншы, дүние, малға назар салмай: “Болар, – деп, – ойламаған, – арты қандай?” Болса да, жақсы-жаман, менен күтіп, Бар болып, жоқ болуын ойына алмай. М.-Ж.Көп. ~ Адам бар-тын өлшем беріп, жұмысына өтеулі, Тек қана алға қарайтұғын ойына алмай бөтенді. М.Мақ. ~ Алғашында ол осыншама созылып, жылдар бойы маңайлатпай қоятындығын, тіпті де ойына алмаса керек. С.Ғабб.
