Posted in

ОЛ ДА БІР ДӘУРЕН ЕКЕН (ЕДІ)

Өткен күндерге деген сағыныш. *  Дүние-ай, десейші! «Жирен шалы» еркелетіп отыратын екеуін. Соның қадірін білді ме, Хадиша аңдығаны Нұрия болып. Сол базаршылап қайтса тұлданып, соған байы сөйлесе бұлданып жүруші еді. Ол да бір дәурен екен. Өте шықты, шіркін.   С.Досж. *  Сол бір ереуілді күндер еске түскенде, «ой- пой, ол да бір дәурен екен ғой» десіп, желпінісіп қалатын әдеті.  Қ.Жұм. *  ─ Есіңде ме, Дәметкен, – деді даусы жарықшақтанып, – екеуміздің бір кездегі жастығымыз?.. Ол да бір дәурен екен–ау.  Т.Әбд. *  Зал толы халық, қадалған мың сан көздер, кең залды басына көтерген дүр- дүр шапалақ… Шіркін, ол да бір дәурен екен ғой!   Қ.Жұм. *  … Қаратау десе домбырасына жүгіретін күйші де күйшіл Төлеген Тоқбергенұлынан көз жазып қалған соң, ол да бір дәурен екен – ау деп бүгінде ат аяғы жетпей қалған Қаратаудың меңсіз қара аспаны мен сағатпен санаспайтын даңғаза түнін де сағынатын болдық… Қ.Ысқ. *  Күлтеленген пәлектердің астында дөңкиіп-дөңкиіп көк ала қарбыздар жатады… Ол да бір дәурен екен-ау. Кенет ақсақалдың аузынан су шұбырды. З.Шүк. *  Орталау мектепті бітіріп, қалада екі жылдық мұға¬лімдер семинариясында оқыды. Елге келіп, мұғалім болды. Ол да бір дәурен еді-ау. Алғы күннен тек жақсылық күтіп, алып-ұшқан албырт көңіл. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *