Пайда келтірді, табыс тапты, олжалы болды. ~ Шырамытқан да, аттың басын бұра қойған. Енді Ложбы ұлысына басына тауан іздеп бармаса, олжа түсіріп оңдырмасы белгілі болды. Ә.Кек. ~ … Қарындас, қаталасып отырсың. Ата-ана ешкімге жолдас болмайтын. Ағайын азғырса мал үшін, сені сатып олжа түсіру үшін қызығады… Б.Майл. ~ Жаз бойы шабуылын бір сәт толастатпаған Кенесары тамызда Екатерина қамалын алып, жүз солдатты тұтқындап, екі мың пұттай астық және басқа қыруар олжа түсірді. С.Ақт.
