Көңілі толмады, менсінбеді. * Еркек жоқ өз басыма теңгерілген, Сөз пірім он жасымнан меңгерілген. Небір көзге олқы боп көрінсем де, Сан жүйрік қойдан оңай өңгерілген. “Біржан – Сара”. * Төлеген кемесер күйеуіне өзге арақты олқы көріп жиырма бес сомға бір бөтелке «Шампански» алған еді. Ж.Айм. * — Қалай, Дариғаш… Күйеуің олқы көрініп тұрған жоқ па? Тағы бірін ілестірмедің бе, а? Сәулем, бұл тіптеп аз ғой,— дедім сақылдай күліп. М.Сүн. ~ — Кабинетімізді олқы көріп тұрсыз білем! — деді Мыңжасар галстугін шешіп жатып күліп. С.Елу. * Лермонтов болмағанмен біздің Ақан, Кісі ме ед ақындықтан құралақан? Ортасын олқы көрген бұл да дара, Имеген иттерге бас сері, дарқан. І.Жан. ~ Болыстар мына жалшы-малайлармен бұдан әрітәжкелесіп тұруды өздеріне олқы көріп, ар санап, аттарының басын кейін бұрды. С.Жүн.
