Өлтірді, мерт қылды. ~ Кеудесіне нан піскен Шатыр асқына аспандады. «Аймен тілдесіп, жұлдыздармен сырласамын. Күн де маған ықыласты, – деді шімірікпестен. – Осыдан жақ аштың ба, тіке мүрдем кетірем!» Ө.Кәр. ~ Армстронг, есіңізде болар, суға кетіп өлген еді. Егер ол есі ауысқан біреу болса, онда тоғыз адамды бірінен соң бірін мүрдем кетіріп, артынан жартастан теңізге құлап өзін-өзі өлтіруіне болатын еді ғой. Ал менің ойымша, оның жағалауға жүзіп барғысы келген сияқты. А.Крис. ~ Ит пен қатынға сеніп болмайды. Әкелші, тапаншаны! – Болтан анаған қолын созды. – Екеуін қоса қабат мүрдем жіберейін. Итке ит өлімі. Қаншыққа шабаланғанды көрсетейін бұған! Ө.Кәр.
