МҰРНЫНАН (ТАНАУЫНАН) ЕСЕК ҚҰРТЫ ТҮСІП ТҰР
Кеудесіне нан пісті; мейманасы асты; менмен, өркөкірек адам туралы. * Нұрбай ақ бата, көп бата алғыстың астында қалды, мұрнынан есек құрт түсіп отырған азамат екен. Ауылдан бір ту бие сойдырып, әруақтарға құран оқытып, ас беріп кетті. Кетерінде «завклубқа» айлық төлеп тұрамын дегенде, Күләнгүл қыз естен танып қала жаздады. Ж.Аязб. * Үйі аузы-мұрнынан шығады. бірақ, балам қазақтың “мұрнынан есек құрты түсіп тұр” деген сөзін ұқпайды. Қызғанбаймын, дүние-мүлікті жинасын. Қайғырамын, сол дүние, қайырлы болар ма? С.Жүн. * Інім, Төлентай ғана ма, осы сұрақты сол кездегі сол Ботпай болысындағы ең мен тәуірмін, мұрнымнан есек құрты түсіп тұр деген белсенділер — Сартжан, Нұрлан, Нұрқалыққа берші, олар да жарытып ештеме айтпас еді. Б.Қыд. * Балам, өздерің көрген шығарсыңдар, мен көрмеген байлықты, мен жимаған асылды жиып отыр. Үйі аузы-мұрнынан шығады. бірақ, балам қазақтың “мұрнынан есек құрты түсіп тұр” деген сөзін ұқпайды. Қызғанбаймын, дүние-мүлікті жинасын. С.Жүніс.
* Інім, Төлентай ғана ма, осы сұрақты сол кездегі сол Ботпай болысындағы ең мен тәуірмін, мұрнымнан есек құрты түсіп тұр деген белсенділер — Сартжан, Нұрлан, Нұрқалыққа берші, олар да жарытып ештеме айтпас еді. Б.Қыдырб.
* Басқа мақсаттың бәрін жылы жауып қойғанның өзінде сен сияқтылар-дың мұрындарындағы есек құрт түскенге дейін талмай таласып, аяспай айқасу үшін де білім іздеу керек-ау, шіркін. К.Сегізб. * Ол кезде жазушылардың «лидері» үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке «штаттан тыс кеңесші» болдым деп, танауынан есек құрты түсіп, адам баласын менсінбей, әбден шелиіп алған шағы болатын. Қ.Жұм.
