Өте көп, құжынаған, мол (әскер). ~ Халқыңыздың халі қыл үстінде тұрғанда келгеніңіз – бізге он сан қол қосылғаннан кем болмас! – деді Науан ұста. – Ісіміз оң болар. І.Ес. ~ Жиыны он екі, он үш қара борбайлар алдына түскенге он сан қолға қолбасылық еткендей, ысқырынып шыға келсін. К.Сег. ~ Ақылманын бас қылған, Айбатын айға асырып, Оймауыттың он сан қол, Торғауыттың тоқсан қол, Ойрат, қалмақ, манжуды, Ойран салып, састырған. “Манас”.
