Өз ыңғайына келтірді. * Оң жамбасқа салып, алып ұрғандай Бас хатшы айызы қанып, ендi не дер екенсiң деген сыңаймен мерейлене көз тастады. Бұл сәл iркiлдi. Жанды жерден ұстап отырғаны рас. Т.Сәу. ~ Енді оның Махсұтты оң жамбасқа алатын кезі келіп- ақ тұрған. Егіз – екі, үйір – айқас, ағайын ара жақындықты, мұздай суық ауыр ойға алмастырған. Өмір бойы ит жығыстан гөрі, қырқа шалып, астына аяусыз бір нығарлап алса өкпесі өздігінен сетінер еді. Т.Рыск.
