Байлауы жоқ, айнымалы, тұрақсыз д.м. ~ Күн туып ата жаудан кек алатын, Қалмақтың іске аспасын харам ойы. Сұм дүние опасы жоқ жалған екен, Бізден бұрынғы ерлерді де алған екен. Қожаберген ж. * – Мәлике менің ием сіз іздеген, Болмақ па оған оңай қайғы деген. Тұрмайды адам сөзде опасы жоқ, Бармаймын, үз күдерді енді менен. “Нұрғазарын”. * Тездетіп, есіл күнім, өтіп кеттің, Сен шіркін, бізден өтіп кімге жеттің? «Мен сенен айырылмайтын!» дейтін едің, Опасы жоқ екен ғой айтқан серттің. Базар Оңдас. * Қолыма осылайша алдым қалам, Дүниеге опасы жоқ қайран қалам. Еліме сәлем жазып жіберсем де Көңілімде толып жатыр қайғы-санам. І.Жанс. * Ол содан оралмады, Өліп кетті, Байлыққа мені белден көміп кетті. Япырай, Опасы жоқ қу жалған-ай, Сұм өлім өзіме де келіп жетті. А.Асылб.
