Posted in

КӨҢІЛІНЕ КІРБІҢ ҰЯЛАДЫ (ІЛІНДІ)

Жаны жабықты, мұңайды. * Кім біледі, оның көңілінде де кірбің ұялап жатқан шығар, өйткені мына безбүйрек өмір дәл өзіндей нәзік емес қой. А.См. *Әңгімешіл жігітті бағдарлай қарай бастадым. Көңіліме бір кірбің ұялап, жіпсіз байланғандаймын. Әрі- сәрі күйдемін. М.Сүн. * Сол алты жылдың бойында келін ренжіп қалмасын, келін кенделік көріп жүрмесін, қабағы кірбің тартпасын, көңіліне кірбІң ілінбесін деп кемпір-шал екеуі бірдей қоғадай жапырылып, құрақ ұшты. Ғ.Біл.