Posted in

ӨЗ БАСЫНА КЕЛДІ

Біреуге істеген қиянаты өзіне қайтып оралды. ~ Өз басына келгені болмаса, бөтен кісінің басына келген ауыртпалық пәле болып көрінбейді. М.Әу. ~ «Бешпенттің келте пішкен етегіндей, Дүние өтерінде шыр айналды» – деген сөз енді өз басына келіп, көз алдынан бар ғұмыры бұлаңдап зыр айналып жатқандай пұшайман хал кешіп тұр. Ү.Жәл. ~ Талай аңның қанын Алтайдың сан сайы мен шатқалында шелектеп төгіп еді, енді, міне, сол кеп өз басына келді. Зауал, зауал! М.Қаб