Бөтенсіп, жақындатпады; қиянат қылды; қаталдық көрсетті.* Ол уақытта Қытайдағы халықтың тұрмысы жаман емес еді. Елдің тұрмысы жаман болмағандықтан, сырттан келгендерді өзекке тепкен жоқ. Бәріне қойы мен қозысын баққызды. Отыны мен суын тасытты. Әйтеуір қуған жоқ. Ж.Баб. * Айтамын деп қуанышың, мұңынды, Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?! Мен, бәрібір, өзіңменен бір болам, Өзегіне тепсең-дағы ұлыңды. М.Мақ. * Баяғы өзім оқып бітірген білім ордасы. Содан кейін бір рет те бас сұқпаппын. «Өзімнің ұшқан ұям ғой. Өзекке теппес. Біреу-міреу танып есіркер» деп ойладым. Бірақ табалдырықтан жасқана аттаған мені ешкім танымады. Ү.Жәл. * – Бара бер, өзіміз- ақ қараймыз малды. Екі күннің ішінде топалаң тигіріңді жау алар дейсің бе?! – Келіннің екі ауыз сөзінде екі пұт салмақ жатты. “Өзіміз! ” дейді. Сонда мұны өгей әкедей ғып өзекке тепкені ғой. К.Сег.
