Posted in

ӨЗЕКТІ ЖАН (ПЕНДЕ)

Жер басып жүрген  тірі адам, қарапайым пенде. ~ Егер барлық өсімдік жер үстінен құрып кетсе, дүниеде тірі жандық болмай, аңырап қалар еді. Олай болса, өзекті жанның тетігі өсімдік қолында. Мұның бәрін өсімдік қлоропол (хлорофол) арқылы істеп тұр. А.Байт. ~ Өмірде жұмыр басты, жұлын өзекті жандардың қай-қайсысы да бақыт құсын бақшасына қондыруды армандап өтеді емес пе? Ә. Сар. ~ Көктем келеді, келеді көктем, – Көрініп қалды бедері көктен. Өзекті жанға бір анық дүние – келелі де өткен, өрелі де өткен… Ғ.Жай. ~ Өзге өзекті жанның көксегені бар. Жалғыз қызының бетіне қарап отырған әкешешесі бар деген ой басына бір келсейші. Туһ! Неткен қатыгездік. К.Жүн. Өзекті жан келер күндерден үмітті ғой қашанда. Қ.Жиен. * Әрине, өз еңбегін бұлдамаса да, өзекті жан болып жаратылған соң,  «мықты  екенсің, айнаш»  деген  сықылды  жылы  сөзді ерінің аузынан әйелі күткен еді. О.Бөк. * Мейлі  ғой, өмірде жұлқыспай, тартыспай ғұмыр кешу мүмкін бе  өзекті пендеге. Ө.Кәріп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *