Ешкімге бағынышты емес, не істесе де өзі біледі. * Қорықпайтын адамда кеңесіп іс істеу деген болмайды ғой. Өзі қожа, өзі би. Т.Әбд. * Шайқап май іше ме, қайнатып шай іше ме, жоқ, мына аңқаны кептірген аптапта пырылдап тұрып ұйқы соға ма, қысқасы, әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, өзі би, өзі байбатша. М.Қаб. ~ Енді, амандық болса — өзіне өзі қожа, өзіне өзі би, тыныштықта — ой бір — жырғамақ рақатқа белшесінен батпақ. Ә.Тар. * Ешкім де мұны сыртқа теппейтін-ді. Осы автобуста өзі би, өзі қожа еді. Ол Сергей барда бақытты еді ғой, бақытты еді!.. Ә.Әбілқ.
