Қара басының пайдасы үшін жанын аямайтын адам туралы. * Бұның бар өнері бір ағашпен біткен емес. Бірде қажеттілік туып ауыз суға құдық қазды. Онда жасырақ. «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» деген емес пе? Ү.Жәл. * Әрқайсысы өзін-өзі дөй санайтын, өзім дегенде өгіз қара күші бар op рудың би, батырларын бір ханға бағындыру оңай болып па? І.Ес. ~ Ал қазір түйені түгімен жұтатындар пайда болып, енді тау-төбеңізді, жиделбайсын атамекеніңізді үй-орманымен, тезек-қабымен қоса бауырына басып алды. «Өзім» дегенде “өгіз қара күшін” көрсетіп жатыр. Ж.Аяз. ~ «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар» дегендей, мен белуарыма дейін шешіндім де лайға түстім. Б.Тоғ.
