Posted in

ӨЗІМ ДЕГЕНДЕ ӨЗЕГІ ҮЗІЛЕДІ (КЕТЕДІ, ТҮСЕДІ)

Өз мүддесін, пайдасын ойлап, жаны қалмайды. * Ал, өзім дегенде өзегі үзіліп тұратын академигіңіз зиялы да емес. Ол тас жүрек диплом  иесі, білім-ілімге бар жай ғана боқ қарын. М.Қаб. * — Бірі – елім деп еңіреген ер, бірі – өзім дегенде өзегі үзілген, қазымыр қазақ байы. А.Бол-а. * Апырай, шынымен-ақ, дүниеқоңыздық  құрты құрсаққа түскені-ау. Әйтпесе, бесіктен белі шықпай жатып, өзім дегенде өзегі кететіндей шырылдайтыны несі?!  “Ж.Аяз. * Әлемде адамдар екі топқа бөлінеді – өзім-өзім дегенде өзегі түсе аздайтындар мен өзгелер үшін өмірін сарп ететіндер… А.Есали.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *