ӨЙДӨЙТ ДЕРСІҢ (ДЕГЕН)!Ал ендеше! Міне, керемет! д.м. мысқыл мақтау. * Қойды ауылға таман сыра тастап, біз де барушы едік. Өйдөйт дерсің! Ж.Айм. * Есептеп отырсақ — он жылда қырық жеті бас ұлылы-кішілісі бар, елу сегіз мың бір дүз де жиырма сегіз бас болады екен… – Өйдөйт дерсің!— деп қалды біреу. С.Жүн. * — Өйдөйт деген!.. Ай-хой атақ! Содан шықты шатақ! Ғ.Қаб. * – Бәрібір сол партия емес пе!.. Бәрін айт та бірін айт, бізге жетер ешкім жоқ, бәйбіше! – деймін ескі орындықты сықырлата шалқайып. – Өйдөйт деген! Т.Сәук.
