Posted in

ӨҢЕШ (ӨҢЕШІН) ЖЫРТТЫ  (ЖЫРТЫСТЫ)

Айқай шығарды, керісті, даурыға дауласты. * Басым әнтек айығайын деді. Со кезде жан- жағыма қарап, пәрменімше айқайды салдым. Өңешім жыртылып, тамағым қарлыққан кезде, құлақ салдым, әлдеқайдан иттің ұлығаны естілді. Ж.Айм. * «Әй, надандар- ай, ғұмырларыңда сары алтынды салмақтап бір ұстап көрсеңдер, бұлай өңеш жыртпаған болар едіңдер!» К.Сег. * “Әділет! ” деп айқайлап өңеш жыртып, сол әділетті өз пайдамыз үшін оп- оңай сатып жүре береміз. С.Смат. * Өзіңіз біліңіз, жә, қойдық, сіздер секілді зиялы қауым өкілдерімен өңеш жыртысып айтысқалы жатқан кім бар?! Қ.Жиенб. ~ Сүйтіп жүріп, алқақотан жиналыстар өткіземіз, құлаш-құлаш мақала жазамыз, саны көп, сапасы аз конференцияларда өңшемізді жырта сөз сөйлейміз…  Г.Бельг. ~ Паровоз бір кезде өңешін жырта ақырып, ақырып алды да, жұлқып тартып кеп қалды. Б.Соқп. ~ – Білесіндер ме? Қалай аталады бұл? Ешкім жауап бермейді. Математикалық дәлдік! – дейді ол өңешін жыртып. Дж.Сэл. ~ Ән біткен сайын дуылдасып, арқасынын қозбасы бар желөкпе немелер өңеші жыртылғанша айқайлап, қошамет жаудырып, азан-қазан болады да, жаңа бір ән басталғанда жаңағы у-шудың бәрі жым-жылас тыйылып, жұрт тағы да сілтідей тынып қалады.  Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *