Жүзі солғын тартып, тозған, құп-қу болған. ~ Аз күн ішінде сақал-шашы ағарып, өңі қу шүберектей болып кетіпті. Б.Тоғ. ~ Түнгі қонақ әлжуаз, аурушаң адам секілді эсер қалдыратын жас жігіт екен. Кішкене қара мұрты өңінің қу шүберектей қуқылдығын айқындай түсіп түр. А.К.-Дойл.
ӨҢІ ШҮБЕРЕКТЕЙ ҚУАРДЫ ( ҚҰП-ҚУ, БОЗАРДЫ)
Қорыққаннан бет-әлпеті құп-қу болды. ~ Не істедің сен? – деді Қайырболды айқайлап, – Неге осынша қатты келдің? – Кешіріңіз, аға, – деді өңі шүберектей қуарған шопыр, – Мына жерден атып шығатынын кім білген. Т.Әсем. ~ Артыма жалт қарасам қайыңды тасаланып Прошка келіп тұр екен, үстіңгі ерні дүрдиіп, ұртын тістеп алған, өңі шүберектей құп-қу. Т.Ахт. ~ Босағада шешесі күмпілдетіп саба пісіп тұрған. Болған сұмдықты ол да балалардың айқайынан естіп, піспегі қолында, өңі шүберектей бозарып тұр екен. С.Ел.
