Екі беті оттай қызарып, қатты үрейленген , зәресі ұшқан адамның кейпі. ~ Шаш будыраған, камзолының түймелері үзілген, көйлек жыртылған, өңі өрт сөндіргендей Күнікей күркесіне келе етпетісінен түсіп, ышқынып, солқылдап жыламасын ба? Ж.Айм. ~ Мен сол әнді орындаған сайын жүзі түтігіп, өңі өрт сөндіргендей қарауытып кететін. Ү.Жәлеке. ~ Сұржекей үндемеді. “Отыра беріңдер!” дегендей ишара етті қол ұшымен. Бақабас отырды. Шеге де отырды. Сұржекейдің өңі өрт сөндіргендей, сұрланып қанын ішіне тартып алған. С.Ел. ~ Сабаққа бармай түс ауғанша тапжылмай жатып алған. Қыздар келгенде есі шықты. Бәрінің өңі от сөндіргендей. Н.Дәут. ~ Осы сөзді айтқанда молданың күрең жүзітүтігіп, өңі өрт сөндіргендей болып кетті. П.Дүйс.
