Өрмекке арналып иірілген түрлі-түсті жіптер. ~Керген төстік керілген, Өрмегің жібі аладан. Б.Майл. ~ Орман шетінде қар басқан төбе тұр. Оған қарай бірнеше телефон сымы өрмек жібіндей созылған. Б.Мом. ~ Ал, жаңа келген қызыл жаулықты келіншек ту сыртын бері беріп, әжесіне таяй бере, етегін қылтасына басып, жүрелей тізе бүгіпті. Алуан түсті өрмек жібіне саусағын салып, қызықтай қадалған қалпы бар. С.Үс. ~ Қасіретім түйілген, Қыл жібіндей өрмектің. Қ.Бекх.
