Posted in

ӨРТ СӨНДІРГЕНДЕЙ (ӨШІРГЕНДЕЙ) ТҮТІКТІ

Бет-жүзі қап-қара болып бұзылды, түнерді.~ Ашқан Дәмегүл. Иығында жеңіл халат. Өңірін түймелеп те үлгермеген. Ол бұның өрт сөндіргендей түтіккен түрінен шошып кетіп: — Ой-и! – деп шоршып түсті. Н.Сам. ~ Жасаралдың қабағы қабарып, өрт сөндiргендей түтiктi. Ә.Ыб. ~ Кек, өшпендiлiк өрши түстi. Шамырқанған ашу-ызадан Гүлмираның қабағы қабарып, өрт сөндiргендей түтiккен. Ә.Ыб. ~ Еркінбек шығып кеткеннен кейін кемпір Разияға бір талай ұрысты. Разия өрт өшіргендей түтігіп, қап-қар болып, сазарып отырып алды. Ләм деп ауыз ашып, бір ауыз сөз қайтарған жоқ. Ж.Сәм. ~ Сақан өрт өшіргендей түтігіп, қап-қара болып, үн  шығармай, безеріп көп отырды. Ж.Сәм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *