Жалған сөзді ретін келтіріп, қиыстырып айтты. * – Арқар табындары қазір тіске ілінер көк іздеп, бауырға түскен. Дүрбіге қарасы іліксе болды, қоя береміз. Алшағырың өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етті.М.Қаб. * – Әдемі өтірік болса неге қабылдамасқа, – деп келіншек езу тартты. – Өтірікті шындай, ақсақты тыңдай еткен ондай- ондай әңгімені айта білу де зор өнер. Әдемі өтіріктің арғы жағында үлкен ақыл, зерек зерде жатады. Ә.Асқ. * – Ізіне бір түскен соң Жәкең таппай қоя ма? Тентіреп жүріп ту-ту Қыпшақ еліне асып кетіпті. Әшейін, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай соғып, еріккен елді сөзге қарық қып, есіп жүр екен. С.Жүн. ~ – Мен емес, өзің нағыз жұғымсыз! – деді Жуантық қалам онымен біржолата есеп айырысуға нық бекініп. – Ғұмыр бойы өтірікті шындай, ақсақты тыңдай етіп қопсыта қобырайтып кеп, жер ортасынан асқанда шындықты жазып әділетті бола қоймақсың! Бездім сендей екі сөздіден! Ө.Кәр.
