Posted in

ӨТКЕЛЕКТЕН  ӨТТІ (ӨТКЕН)

Талайды көріп, небір қиындықты бастан кешіп, небір ауыртпалықты артта қалдырды. ~ Ұят та болса айтайын,— қу Қайрақбай мен оның қу қатыны — Қатираның жетегінде жүріп, «бозбалашылық» аталатын мектептің, «әлібі» мен «биін» мен алдақашан үйренгем. Сондай өткелектен өткен менің, Бәтеске де бозбалаша көз тастауымды, бұл «сабақта» білімі менен әлдеқайда көп Қалиса сезіп қапты. С.Мұқ. ~ Ауызда тіс жоқ, қабағы жарылған. Бет-аузы көлкілдеген ісік. Шәуәлидің өзінің де оңып тұрғаны шамалы. Бұл бейшаралар да сол өткелектен өткен ғой. Т.Сәу. ~ Зүлжиладан асқаннан кейін де талай тар жол, тайғақ кешулерден, нелер өткелектерден өтіп Мұзафар қалашығына қоныстандырылдық. Ғ.Біл. * Сол қазақ кедейінің өткелектерден өтіп, жаңалық атаулыға біртіндеп жылжуын Мырқымбай аталатын кедей типі арқылы жинақтап көрсеткен, типтендіріп берген де Биағаң. Қ.Ерг.

Өмірдің небір қиындығын көріп, шыңдалған, жырынды. ~ Біз неткен ер, Неткен ер, Аза тұтып ел үшін Азап-бейнет шеккен ер, Өкпелетпей Өз елін –Өткелектен өткен ер, Өкіметін орыстың, Ұлықтарын патшаның Өті жарылып кетсе де, Өкінішін көп айтып, Өтінішін дөп айтып, Көрместей боп кеткен ер. С.Тұрғ. * Сылти басқан екінші хатшы ұнады. Көп адам кем, мүгедекті іш тартады, ондай мехнат көрген, өткелектен өткен пенде дүниенің арзан, қымбатын, кімнің кім екенін түсінуге тиіс, тірі жанға обал жасамайды. М.Қаб. ~ Жұмысын қатардағы таратушыдан бастап еді, қазір «Яманың» бастығы. Небір өткелектен өткен жырынды. «Яманың» жұмысын жандандырып, табысын еселеп өсіріп отыр. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *