Posted in

ПАЙДА ҚЫЛДЫ

Бір нәрсенің игілігін көрді, табыс тапты. * Бұрын шаруалар ғана отбасының керегіне деп азынаулақұстайтын, сатып пайда қылайын деп, сауда мақсатымен ұстамайтын. А.Байт. * Осы құмалақтан пайда қылған өзінің бір өзбек досын Алматыдағы үйіне бара жатқан баласы о заманда рахаттана отырып жыр ғып айтып берген. Қ.Түм.

Жаратты, дүниеге әкелді, бойына бітірді. * Үшінші – әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлықпайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Абай. * “О, баста, –  деген шешесі, –  адам бір- ақ дене екен.  Төрт қол, төрт аяғы болған деседі.  Жасаған ием пайда қылған пендесі бұлайша біреу- ақ боп ғұмыр кешіп, ұрпаққа қалдыра алмайтынын ескеріп, –  екіге бөлген екен деседі. О.Бөк.

    Leave a Reply

    Your email address will not be published. Required fields are marked *