Қаперінде, ойында жоқ. ~ Қырсық адамның соңынан қашанда қырсық ере келетін әдеті, Мешекең бүгінгі жанжалдың кесірін кепкен шалдан көріп отырған. Асекеңнің әдейі болмаса да айдап салғаны пәруейінде де жоқ. Қ.Ысқ. ~ Көшет өсірудің орнына бақша еккені, орман баптаудың орнына егін сепкені, мал асырап, жан асырағаны түткіш шалдың пәруейінде жоқ деймісің, бүгінгі бір-екі табан сиыр, жарты мың жылқы, бір-екі отар қой да Ақсу жұртының сол бір кездегі табан ақы, маңдай терінен құрылғаны жадында жатқан шығар-ау. Қ.Ысқ.
