~ Ақын Мұқағали Мақатаевтың: Солай да, солай, қарағым, Көңілдің таппай қалауын, Жастықтың жықпай алауын,Отыздан асып барамын.., – дейтін өлең жолдарын жатқа айтатын ұрпақтың неге қыз алдында пәсі төмен. Бойындағы берекесіздіктен, екінші біреу – тұйықтықтан, үшіншісі орынсыз ұялшақтықтан отбасын құра алмай жүр. С.Қаж. ~ Үлкен театрдың іргетасын бірге қаласса да, театрға жиі барамын деп айта алмайды. Бұған келгенде пәсі төмен. Қ.Жиен. ~ Ресми тілдің реңі қалың болғанда, ана тілдің пәсі төмен. Сол себепті, ресми тілді БАҚ-тың сөзі жерде қалған емес, қалып та жүрген жоқ. Қ.Айт.
