Posted in

ПИҒЫЛЫНАН ТАПТЫ (ТУДЫ)

Адамның пиғылы, ойы, ниеті оның тағдырына әсер етеді деген ұғымнан туындайтын тіркестер. * Әзімге қосылу қашанғы арманы еді; Құдай бұған бір жапырақ бақытты да қимады. Сондай-ақ, бұл не жазды? Не пиғылынан тапты? Қара кемпірдің қарғысына ұшырады ма? Әлде сорлы баланың көз жасы жібермеді ме екен? Ә.Нұрп. * – Біз – аң емес, адамбыз ғой. Христиандық мейірім-шапағатты ұмытпаңыз! – Бұл – адам өз пиғылынан тапқан кесепат, оған христиандық аяушылық жүрмейді. Т.Сәук. * Егер біздің игілікті, үлкен, социалистік-әлеуметтік шараларымызға кейбіреулердің зияны тиді десек, жолымыздағы сол дере жаны ұсақ, адымын аршындап, алшаңдап баспай, мимырттаған, адамсыған адамсымақтардың пиғылынан туған қылықтар еді. Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *