Posted in

ПҰШПАҒЫ ҚАНАМАДЫ

Бала көтермеген әйел туралы. * Ал ортаншы қатыны пұшпағы қанамаған адам. Оның да үйі бөлек. Бәйбіше осылардың ешбіріне қосылмайтын бөлек ауыл. І.Жанс. * Үлкен бәйбішесі Мәмила Елісханнан кейін екі қыз тауып, одан кейін бала көтермеді. Екінші әйелі Ділдәжанның пұшпағы қанамады. Ж.Шәк.  * Ертең ауызы батыр бір тентек: “директорымыз ерге шыққалы етегі қанамаған тас құрсақ бедеу қатындай, ғылымға қосқан түк еңбегі жоқ, тұл ғалым”,– деп айқайлап шықса қайтеді? Ә.Нұрп. ~ Есіне отасқандарына он жыл болғанмен әлі пұшпағы қанап көрмеген қайқы бел келіншегі түсті. А.Сүл. ~ Еркек кіндігі шетіней берген соң, Шәукеннің құлағына сырға тақты. Шәукен намыстанып алып тастағанда оны әлі пұшпағы қанамаған келінінің бауырына салды. Т.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *