Әдемі. қанық түске енді. ~ Үлкен кісінің алдынан, үлкен кабинеттен шығып келе жатқанда аңғарған:жұлдыз бен жалау қатар түзегенде бозғылт костюмнің реңі ерекше ашылып, көздің жауын алады екен. Ә.Тар.
2. Жүзі шырайланды. ~ 33 жылдың көктемінде терістік шеттегі Новосибирск қаласына бардым. Сондағыжаңа ұйысқан қазақша шығатын «Қызыл ту» газетіне қызметке кірдім. Табаным тұрақтап, реңім ашылып адам болып қалдым, жатпай-тұрмай жазамын, көшіремін, үйренемін, оқимын. Д.Дос. ~ Қыздың реңі ашылайын деді, жас тығылған көзі жалт етті. Бірақ лезде қайтадан қатая қалды. Ш.Мұр.
