Posted in

РӘСУА (РӘСУӘ) ҚЫЛДЫ (ЕТТІ)

Ысырап қылды, босқа шашылды, обалына қалды. ~ – Джо жақсы бала, табысы көп болса да, ақшасын рәсуақылмайды,-деп тайталаса кетті Силверстейн де. Дж.Лонд. ~ Сиырлардың астына дейін шөпті көпіртіп салады, әлгі дүлей. Жылда шөптің тең жарымын рәсуә ғып жүрген бір су ми. C.Жүн. ~ Қолда бар байлықты рәсуә ету – күндегі әдетіміз! – деді ол күйініп. – Іле-Балқаштың атақты ақ балығы мен сары сазандары неге құрып кетті? Б.Тоғ. ~ Ес жиып, етек басқалы бергі есепсіз, елеусіз өткен күндерімді енді еске алсам, өзегімді өрт шалады. Әу бастан есім дұрыс болған да, бәлкім, Алла тағала берген осыншалықты ырзықты құр босқа рәсуа етпес пе едім… И.Сап. ~ Менің жұмысым – жем шашу. Әжем:  –  Бір  жеті  беретін  жемді  бір-ақ  күнде  шашып,  рәсуа  етіп  жатырсың,  –  деп күнде  ескерту жасайды. А.Ман. Босқа әурелеп, арам тер қылды. ~ Арбаға жегіп, рәсуа қылып жүрме. Құлындағанша мәпелеп қолда бақпасаңқашып кетеді. Ақбоздың тұқымы аяғына кісен салғызбайтынын ескер. Т.Әл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *