Posted in
САБАСЫНАН АСТЫ (ТӨГІЛДІ)
1. Судың арнасынан шығып тасуы. ~  Айналадағы дүниенің бәрі малмандай болып, күмпиіп, ауырлап, енді суды бойына
сіңірмей, кенересіне дейін меймілдеп толды да, сосын сабасынан асып төгіліп, жан-жаққа жайылып, кете берді, кете берді.
В.Расп. ~ Өзіндік сарыннан айрылмайтын, сабасынан асып – таспайтын, бір мінезден айнымайтын қағылез, елгезек ақ бұлақ
қана десек те, ол да өзінше мінез танытар еді. С.См.
2. Шамадан артық, асқындаған сезім туралы. ~ Сонан кейін– ақ кезекте тұрған шешелер мен жеңгелер, аға– бауырлар
ортаға алып, қаумаласып әкетті. Көл– көсір ыстық ықылас, сабасынан асқан сағыныш. Қ.Жұм. ~ Қара бұлт қылаң бермей
жел тұрмайды, Жел тұрса, тыныш жатқан көл тулайды. Төгілсе сабасынан ащы зарым, Қазақтың тау-даласы солқылдайды.
Н.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *