| САБЫР СУЫН ЖИНАДЫ (ҚАУҒАЛАДЫ, СЕПТІ) |
| Саябыр тапты, тынышталды. ~ Сөйлетсеңдерші-ей, естиік! — деді тағы біреу. Қобырап, даурығып кеткендер сабыр суын жинап, саябырсыды. Облыстан келген жаяу өкіл сасып, салбырамады, қайта кергіп, тамағын кенеп-қырнап, жөткерініп, дауысын бекемірек шығарды. Б.Қыд.~ Сабыр суын қауғалап, әліптің артын бағып жатып алуға директор дес бермесі және белгілі еді. Ә.Асқ. ~ Ерiн ойлады, енесi есіне оралды. Лықсып, лықсып кеп қалған алау сезiмнiң шарпуына сабыр суын сеуiп, байыздады. Ә.Ыб. |
