Созбақтап, кешеуілдете берді. ~ Түсініксіз арабы сөздерді сағыздай созып күңірене әндетеді. Ә.Кек. ~ Сайлаубектің көз алдында бейтаныс әйел сәл-пәлде қырық құбылды. Біресе күліп, біресе кемсеңдеп аузындағы жалғыз сөзді сағыздай созады. С.См.
Ұзағынан жалғасып, бітпей қойды. ~ Сары сағыздай созылғанымен санаңда сарқыты да қалмайтын сабынның алқындысы ақылыңа ақыл қоса ма? И.Сап. ~ Биылғы жаз бір ерекше жаз болды. Сағыздай созылып өтпей тұрып алатын баяғының жазы емес. С.Елу.

